Зерттеушілік қабілет -кәсіби құзіреттілік.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде бітіруші топтардың ғылыми-зерттеу жұмысы-курстық жұмысты қорғауы кезеңі аяқталды. Курстық жұмысты жазу Ережесі мен талаптарына сай студенттерге ғылыми жетекшілер кеңес беріп, тақырыптың теориялық әрі практикалық жағынан зерттелуіне жан-жақты кеңес беріп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетекшілік етеді. Зерттеу жұмысына деген жауапкершілікті сезінген студенттер биылғы оқу жылында да өздік ізденушілік қабілеттерін жоғары дәрежеде байқатты. Тақырыптың өзектілігін…

“Әлем тізгіні білімділер қолында” интеллектуалды сайысы

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА — 120 ЖЫЛ!!! Бүгін Алаштың тұңғыш білім ордасы — М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минерология ғылымдарының докторы Сәтбаев Қаныш Имантайұлының 125 жылдығына арналған “Қаныш.Қазына”фильмі бойынша “Әлем тізгіні білімділер қолында” атты интеллектуалды сайыс өтті. «Қаныш қазына» фильмін талқылау, фильм кейіпкері Қ.Сәтбаевтың өмірі мен еңбек…

«Өнерлі бала» көп жанрлы өнер фестивальі

«DALA DARYNY » байқаулар мен фестивальдер орталығының ұйымдастыруымен 07.04.2024 Облыстық «Өнерлі бала» көп жанрлы өнер фестивальі өткізілді. Байқауға КЕ22-09 топ студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1.Сүлейменов Нұрхат- I дәрежелі 2.Көкебаева Жаннұр- I дәрежелі 3.Назарбекова Арай- I дәрежелі 4.Мұрат Лаура- II дәрежелі 5.Сыдықова Амангүл- II дәрежелі 6.Балхаш Балдырған-II дәрежелі 7.Төлеуханова Айым- II дәрежелі 8.Қазықанова Қымбат-…

«Шыңғыстаудың өр ұлы»

06.04.2024 күні Облыстық Абай атындағы кітапханада жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Дәулет Сейсенұлымен кездесу өтті. 75 жас мерейтойы қарсаңындағы кездесуге «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» 41-топ студенттері мен топ жетекшісі Айнұр Көбегенқызы қатысты. Кездесу барысында жазушы ағамыз өмір жолын, өнер жолын баяндап, қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы, қазақтың мақтанышы Айткеш Толғанбаевтың…

Волейболдан облыстық сайыс

Абай облысы білім басқармасының орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері(ұлдар) арасындағы волейболдан өткен облыстық жарыста 1-орын алғаны үшін М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж құрамасы марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясын Токанов Нұрлыбек ДТ-21-09-01 тобының студенті иеленді. Жетекшісі: Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.Қ.Шаймарданов Көмекші жаттықтырушы: Оқытушы Е.Мұхаметжанов.