Методическая служба
⚜️АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА — 120 ЖЫЛ!!!⚜️
⚜️Бүгін Алаштың тұңғыш білім ордасы — М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минерология ғылымдарының докторы Сәтбаев Қаныш Имантайұлының 125 жылдығына арналған “Қаныш.Қазына”фильмі бойынша “Әлем тізгіні білімділер қолында” атты интеллектуалды сайыс өтті.
🔰«Қаныш қазына» фильмін талқылау, фильм кейіпкері Қ.Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа “Спорт және өнер” бөлімінің 1-3 курс студенттері қатысты.
🔰Сайыс алдында «Спорт және өнер» бөлімінің топтары «Қаныш. Қазына» фильмін көріп, талқылау жұмыстарын жүргізіп, тест тапсырмаларын орындады.
🔹Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
I кезең. «Қазына Quiz».
II кезең. «Филмьді жалғастыр».
III кезең. «Tarsia» әдісі.
🔰Сайыстың нәтижесінде:
🥇I орын «Academics» тобы (КЕ 22-09, КЕ 21-09 топ студентері)
🥈II орын «Жалын» тобы (СЖО 22-09, СЖО 21-09 топ студенттері)
🥉III орын «Рухтастар» тобы (ДТ 21-09-01, ДТ-21-09-02 топ студенттері) иеленді.
🔆«Шексіздік» тобы (ДТ 22-09 топ студенттері) және «Алаш» тобы (ДТ 23-09 топ студенттері) Алғыс хаттармен марапатталды.
💐Сайыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!💐