Воспитательная работа

06.04.2024 күні Облыстық Абай атындағы кітапханада жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Дәулет Сейсенұлымен кездесу өтті. 75 жас мерейтойы қарсаңындағы кездесуге «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» 41-топ студенттері мен топ жетекшісі Айнұр Көбегенқызы қатысты. Кездесу барысында жазушы ағамыз өмір жолын, өнер жолын баяндап, қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы, қазақтың мақтанышы Айткеш Толғанбаевтың өмірін қайтпас қайсарлықтың үлгісі ретінде танытты. Кеш қонақтары күй шертіп, ән шырқап туған жерге деген сүйіспеншілікті тебіренте түсті. Жақсы адамдармен жақсы кездесуге қатысқанымыз үшін қуаныштымыз.