Әдістемелік қызмет

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде бітіруші топтардың ғылыми-зерттеу жұмысы-курстық жұмысты қорғауы кезеңі аяқталды. Курстық жұмысты жазу Ережесі мен талаптарына сай студенттерге ғылыми жетекшілер кеңес беріп, тақырыптың теориялық әрі практикалық жағынан зерттелуіне жан-жақты кеңес беріп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетекшілік етеді. Зерттеу жұмысына деген жауапкершілікті сезінген студенттер биылғы оқу жылында да өздік ізденушілік қабілеттерін жоғары дәрежеде байқатты. Тақырыптың өзектілігін атай келе, зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымын сақтап, теориялық білімдерін тәжірибемен, қоғаммен байланыстыра дәлелдер келтірді. Мазмұндылығы мен практикалық құндылығы жоғары көрсеткішке ие болған ғылыми жұмыстар ескеріліп, марапатқа ұсынылды. Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы – болашақ педагогтардың кәсіби жетілуінің кепілі. Бітіруші топ студенттеріне алдағы қорытынды аттестацияны сәтті аяқтауларына тілектеспіз!