Объявления

2012 жылы оқу орнымыздың директоры Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен Қаныш Сәтбаев атындағы дәрісхана ашылған болатын. Семейдің мұғалімдер семинариясының түлегі Қ.Сәтбаевтың атындағы бұл дәрісхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Студенттердің бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, ізденіс жұмыстарын жетілдіруде Кіші ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде конференциялар ұйымдастырып отырады. Ғылыми жұмыстарды қорғау нәтижесінде Геологиялық-барлау колледжінің студенті Молдаева Анар, ШҚО техникалық колледж білім алушысы Усубалиев Алмаз — І орын, Радиотехника және байланыс колледжінің 1-курс студенті Богатов Даниил, Геологиялық-барлау колледжінің студенттері Мақсатова Мадира, Бертісханов Адлен, Д.Қалматаев атындағы медициналық колледжінің білім алушысы Ирсалиева Малика — ІІ орын, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінен Жақсыбаева Карина, Геологиялық-барлау колледжінен Сайболатов Адлет ІІІ орын иеленді.
Конференцияға қатысушылар үшін бұл күн ғылымдағы алғашқы қадам мен өздерінің шығармашылығы мен батылдығын сынау ретінде естерінде қалды. Бүгінгі таңның өзекті мәселелері бойынша қызықты әрі өткір пікірталасқа түсіп, білім алушылар өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алды деп есептейміз.