2019 жылдың 12 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің Кіші ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Сәтбаев оқулары» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2012 жылы оқу орнымыздың директоры Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен Қаныш Сәтбаев атындағы дәрісхана ашылған болатын. Семейдің мұғалімдер семинариясының түлегі Қ.Сәтбаевтың атындағы бұл дәрісхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Студенттердің бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, ізденіс жұмыстарын жетілдіруде Кіші ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде конференциялар ұйымдастырып отырады. Ғылыми жұмыстарды қорғау нәтижесінде Геологиялық-барлау колледжінің студенті Молдаева Анар, ШҚО техникалық…