Объявления
📖✨️ Педагогтың жанына жақын құралының бірі – кітап. Кітапты таңдап оқи білу,оның мазмұнын терең түсіну,кітаптан алған әсеріңді өмірде қолдана білу адамның санасын,біліктілігін айқындайтын алғышарттарының бірі. Кітап- педагогтың асыл досы. Кітапқа деген махаббат бала күннен басталу керек. Ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, бәрі-бәрі бүлдіршіннің кітапқа деген құш­тарлығын оятады.
📚 Кітап- аса бағалы сыйлық.Мұхтар Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына орай,сондай-ақ «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 06.02.2023-16.03.2023 күндері арасында «Кітап тарту» акциясы өтуде. Акцияға «Штб 21-09» тобы да белсене қатысты. Кітапханаға Тұрсынбек Кәкішұлының «Сәкен аялаған арулар»,Кеңшілік Мырзабековтың «Менің мұңым-махаббат»,Машқар Гумеровтың «Бұл не керемет» кітаптарын тарту етті
📜🖇Ертеңім кемел болсын дейтін ел – кітап оқуды әдетке айналдырған ел.✅️
    .