Воспитательная работаОбъявления

Ақынның туған күнін әсерлі етіп өткізуге Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, колледжіміздің Студенттік Парламенті және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қалиева Сара Сырымқызы жетекшілік ететін «Ес аймақ» театр клубының мүшелері ат салысты. «Күнделік жаз, жарқыным» атты әдеби-сазды эллегия өз көрермендерін ақынның нәзік жырлары, сөзіне жазылған әсем әндері, күнделігінен алынған терең ойларыі, «Қош, махаббат» драмасынан алынған үзінділері арқылы баурап алды. Жастар жылында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген бұл кеш – жастардың әдеби, мәдени парасатын, эстетикалық талғамын, таным көкжиегін кеңейтуді мақсат ете отырып, поэзия сүйер қауымды рухани құндылықтармен сусындатты. Тағылымды тарихымызды жаңғыртудан жалықпайық, жас достар! Ақын жырлары мәңгі жасасын!