Объявления

2021жылдың 12-ші қыркүйегінде «Ертіс» алаңында Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған аладоптан «дене шынықтыру және спорт» бөлімінің 403 топ студенттерінің  ұйымдастыруымен колледж біріншілігі өткізілді. Оған «дене шынықтыру және спорт» бөлімінен 33, 303, 411, 403-ші топтар және жатахана құрама командасы мен жалын тобы қатысты.

Жарыстың  мақсаты:

—   студенттердің футбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру;

—   қалалық жарыстарға колледж құрама командасын әзірлеп, дайындау;

—   салауатты өмір салтын сақтай отырып спортпен шұғылдануға шақыру.

—   жарыстарды өткізу кезеңінде төрешілік етуді үйрету.

Ойын айналмалы түрде 8 минуттан екі тайм өткізілді. Жарыстың бас төрешісі Мұхамбаев Б. хатшы 403топ студенті Алимуханов Т.

Жарыс қорытындысы бойынша:

ІІІ-орын алған 403 топ

ІІ-орын алған 411 топ

І-орын алған 303 топ студентері мадақтама грамоталарымен, медальдармен және кубокпен марапатталды.

Сонымен қатар, «үздік бомбардир»  атағын Асылбекұлы А. 403 топ студенті, «үздік ойыншы» атағын 303 топ студенті Сайлаубеков Мейрамбек және «үздік қақпашы» номинациясымен ДТ 21-09-02топ студенті Құдайбергенов Ақтілек марапатталды.

 

Оқытушы: Мұхамбаев Б.Р