Педагог-психолог білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді,білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

Лауазымдық міндеттері:

-Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізу;

-Білім алушылардың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешуде психология-педагогикалық қорытынды шығару және оны талдау;

-Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;

-Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыру,  өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешуде, әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем ету:

-Оқу орнында қауіпсіздік деңгейін анықтау, талдамалы ақпараттарды басшылыққа уақытылы ұсыну:

-Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуының  алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдау (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық);

-Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес беру, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем ету;

-Білім алушылардың дамуындағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылық деңгейін анықтау, психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізу;

-Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларымен көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысу;

-Есептілік  құжаттамаларды  белгіленген нысан бойынша жүргізу.

-Сапа менеджменті материалдарын меңгеру;

-Сапа менеджменті жүйесінің материалдарын жүргізуге жауапты;

Құрметті студенттер!
Сессия алдында толқу, шаршау немесе кернеу сезіну – мүлде қалыпты жағдай. Есіңізде болсын, сіз қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқардыңыз, енді дайындықпен бірге өзіңізге де қамқор болу маңызды.
Кішкене үзіліс жасап, терең тыныс алыңыз, өзіңізге аздап демалыс беріңіз. Адам ақыл-ойы тыныш әрі жақсы ұйықтаған кезде тиімді жұмыс істейді. Материалды шағын бөліктерге бөліп, үзіліс жасап отырыңыз және өзіңізге жылы сөздер айтып қолпаштаңыз — сіз міндетті түрде қол жеткізесіз.
Сіз мықтысыз, қабілеттісіз және табысқа лайықсыз. Мен сізді қолдаймын және нәтижеңізге сенемін.
Сізде бәрі міндетті түрде болады!


                                   

  «Әрбір студентке қолдау және көмек»                                  «Поддержка и помощь каждому студенту»