Алаштың тұңғыш білім ордасы – М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 25 қазан — Республика күніне орай “Менің елім — Қазақстан” дәстүрлі өнер байқауының қорытынды Гала-концерті өтті.
1 курс студенттері арасында өнерлі жастарды іріктеу, сахна мәдениетіне баулу және патриоттық сезімдерін нығайту арқылы ұлттық құндылықты дәріптеуді мақсат еткен бұл байқау талантты студенттерді анықтап, топ ішінде достық пен ынтымақтастықты қалыптастырады.
Мерекелік кешке Ардагерлер кеңесінің төрағасы — Тоқтарбек Майра Шакеновна, колледжіміздің зейнеткер ұстазы — Гүлия Сағидоллақызы, «Қоғамдық келісім орталығы — облыстық Достық үйі» КММ Ассамблеяның ақпараттық сүйемелдеу және қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс бөлімінің басшысы — Самат Алпамысұлы қатысып, 2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие бағытында жетістікке жеткен студенттерді марапаттап, мерекемен құттықтап өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Кештің ең маңызды сәті 3 күнге созылған тартысты додаданың нәтижесінде:
🏆 БАС ЖҮЛДЕ — ДТ 25-09 тобы. Топ жетекшісі: Сәрсембаев Бауыржан
🥇I ОРЫН — МДТ 25-09 тобы. Топ жетекшісі: Сахариева Заида Дүйсеновна
🥈II ОРЫН — МНО 25-09 тобы. Топ жетекшісі: Балапанова Эльмира Мамырбековна
🥉 III ОРЫН — 25-11 тобы. Топ жетекшісі: Турбаева Меруерт Каирбековна иеленді.
Сонымен қатар, байқауда өзінің ерекше өнерімен көзге түскені үшін бірқатар өнерлі студенттер де алғыс хаттарға ие болды.
Сондай-ақ білім алушылардың тұлғалық және рухани дамуына қосқан үлесі мен халықтық дәстүрлер, ұлттық және этномәдени білім мен тәрбиені дамыту ісіндегі адал еңбегі үшін МНО 23-09 тобының топ жетекшісі Муздыбаева Айгуль Кабдешовна, МНО 25-09 тобының топ жетекшісі Балапанова Эльмира Мамырбековна алғыс хаттармен марапатталды!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні құтты болсын!❤️



