АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ⚜️
Қайырлы күн! Бүгін «Менің елім – Қазақстан» дәстүрлі өнер байқауының алғашқы күні басталды!
Байқаудың мақсаты:
* Біртұтас тәрбие бағдарламасының идеясын іске асыру;
* ҚР халықтарының мәдени мұрасын дамыту және сақтау;
* Жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялату.
Бүгін БББ 25-09-01, БББ 25-09-02, МНО 25-09 топтары өнер көрсетті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында іс-шараға 1 курс студенттерінің ата-аналары да қатысып, өз қолдауларын білдірді. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (Абай Құнанбаев). Абайдың осы ойы ұстаз бен ата-ана біріккенде ғана баланың бойына ұлттық сезім адами құндылықтар даритын және ізгілікті тілін, ұлтын сүйетін, ұлтттық салт-дәстүрлерді құрметтейтін ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына арқау.



