20 қазан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде төтенше жағдайға дайындық жаттығуы өткізілді. Оқу орнының барлық студенттері мен қызметкерлері ұйымдасқан түрде аулаға жиналып, қауіпсіздік ережелерімен қайта танысты. Дайындық барысында сирена дабылы қосылып, төтенше жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі пысықталды.

Осындай шаралар — білім ордасындағы тәртіп пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейде сақталуына негіз болады.