Дене тәрбиесі (дене шынықтыру) бойынша оқу, факультативтік және сабақтан тыс сабақтар өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады;дене шынықтыру оқытушыларының жұмысын басқарады;білім алушылардың дене тәрбиесінің неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізеді, оқытудың бүкіл кезеңі ішінде олардың денсаулық жағдайы мен дене дамуын, кәсіптік-қолданбалы дене даярлығының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді;сабақтан тыс және каникул уақытында сауықтыру дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спорттық-сауықтыру лагерлерінің жұмысын ұйымдастырады;белгіленген нысан бойынша, оның ішінде құжаттаманы жүргізудің электрондық нысандарын пайдалана отырып есептілік жасайды;білім алушылардың танымдық белсенділігін, дербестігін, бастамашылдығын, шығармашылық қабілеттерін дамытады, азаматтық ұстанымын, қазіргі заманғы әлем жағдайында еңбек және өмір сүру қабілетін қалыптастырады, білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беру, дене шынықтыру және спорт, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;педагогика, психология негіздері, жас физиологиясы, анатомия, мектеп гигиенасы;оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;педагогикалық этиканың негізгі нормалары; дене тәрбиесі, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесі, суда өзін-өзі ұстау ережелері;тәрбие жұмысының әдістемесі;дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, бағдарламалар мен оқулықтар;оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар;өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормаларды сақтауы тиіс.