ҚР БҒМ министрі А.Аймагамбетов 1-қыркүйек Білім күнінде алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді құттықтау сөзінде: «Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі, 1 сыныпқа Әліппені қайтарып отырмыз. Әліппенің негізі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне сай қаланған. Бұл бұрыннан бар дүние, біз оны жаңғыртып отырмыз»,- деп атап өтті. Биылғы оқу жылы 1-сынып бүлдіршіндері үшін зор қуанышпен және үлкен жаңалықпен басталды.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойнша оқып жатқан 41, 42, 401, 410 топ студенттері 2021-2022 оқу жылының 31 тамыз — 04 қыркүйек аралығында қаладағы «№23ЖОББМ»КММ, «№3ЖОББМ»КММ, «№17 ЖОББМ»КММ және «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ мекемелерінде «Баланың мектептегі алғашқы күндері» іс-тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері – мұғалімнің сабаққа дайындықты ұйымдастыруымен, сабақ мазмұнымен таныстыру; мектептегі сабақтың алғашқы аптасындағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерін, мазмұнын, әдістемесін және алғашқы күндердегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды бақылау.
Іс –тәжірибеге барарда машықкерлерге санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және тәжірибенің ерекшелігі түсіндірілді.
Тәжірибе барысында студенттер «Білім күні» мерекесінің ұйымдастырылуын көріп, «Әліппе» оқулығының салтанатты түрде тапсырылуына қатысты. Алғашқы тәрбиелік және пәндік сабақтарды өткізу бойынша тәжірибе жинақтады.
Іс-тәжірибе кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталды. Тәжірибе жетекшілері машықкерлердің мамандыққа алғашқы қадамын сәтті ұйымдастырды.
«Баланың мектептегі алғашқы күндері» іс-тәжірибесінен көріністер: