Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

М.О. әуезов атындағы педагогикалық колледжі “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” ПӘК онкүндігінің жоспарына сәйкем 09.03.2021 жылы күні оқытушы Тұрсынова Аяулым Қанағатқызы 1-курс студенттеріне оқу орнының шәкірті Қазы Нұрмұхамедұлы атындағы атаулы кабинет жұмысына ұсынылым жасады. Мақсаты: оқу орнының тарихында із қалдырған атаулы тұлғалардың өмір жолымен таныстыру арқылы кіші ғылыми-зерттеу орталығы мүшелерінің зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеушілік, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлға тәрбтелеу.

Алаш сарбазы Қазы Нұрмұхамедов 1896 жылы Семей уезінде дүниеге келген. 1915-1917 жылдары Семейдің мұғалімдер семинариясында білім алған. 1918-жылы қыста Алаш қайраткерлерінің шешімімен небәрі 22 жасында атты милицияға басшы болып тағайындалады. Құқықтық тәртіп пен әскер жасақтауда ерік-жігер танытқан қазақ жігітін сол жылы көктемде атып кетеді. Алаш үшін жаның қиған тұңғыш құрбанды жерлеу барысында Шәкәрім қажы ел алдында сөз сөйлеп, Міржақып Дулатұлы Алашұлын жоқтаған өлеңін оқиды. Онкүндік аясында өткен осындай игі шараның тарихты танып, тұлға есімін дәріптеуде маңызы зор.