2020 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде ТжКБ жүйесінің оқушылары мен студенттері арасында «Justar Startup – 2020» бизнес-жобаларының облыстық байқауы өтті.Байқаудың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы, Қазақстан-Американдық Еркін университеті (ҚАЕУ), Өскемен экономика және қаржы колледжі (Өскемен ЭҚК).

Байқау 2 кезеңнен тұрды:

  1. 7 минуттық бейне-презентация түсіру
  2. Жобаларды қорғау түрінде байқау финалы

Байқауға 14-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Байқау бірнеше бағыттар бойынша жұмыстарды қамтыды.

  1. “Green start up”.
  2. “Әлеуметтік бастамалар”
  3. “Туризм”.
  4. “Агроэкономика”.
  5. “Креативті бизнес идея”.
  6. “IT-сала”
  7. “Сауда ісі”.
  8. “Портативті бизнес»

Соның ішінде “Креативті бизнес идея” бағыты бойынша «Кәсіпкерлік қызмет негіздері” пәнінің оқытушысы Мерхат Социалұлының жетекшілігімен  35 топ студенті Жаманқұлова Талшын жүлделі III орын иеленсе, 310 топ студенті Санатова Әсел II дәрежелі дипломмен марапатталды.