Әдістемелік қызмет

30.11.2021 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Педагогика және психология» ПӘК онкүндік жоспарына сәйкес, өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары А.К. Нурланова мен Ж.Қ. Қайсанова оқытушылар арасында «Кәсіби және эмоцианалды шаршаудың алдын алу» тақырыбында интенсив-тренинг жүргізді.

Мақсаты: колледж оқытушыларының кәсіби және эмоцианалды шаршауының деңгейін анықтау және алдын-алу профилактикасын меңгерту.

Міндетітері:

– өзін-өзі тану ерекшеліктері, құндылықтарының аспектілерін ашу;

– стресстік жағдайларға иммунитет қалыптастыру;

– физикалық және моральдік ішкі жігерді реттеу, бағыттау.

Интенсив тренинг барысында қатысушылардан кәсіби шаршауды анықтауға арналған тест алынды. Сонымен қатар «Мен-үйде, мен-жұмыста», «Мұзжарғыш», «Көмек ағашы», “Кемпірқосақ”, «Достық алақан», «Қол-ду шапалақ» жаттығулары арқылы оқытушылар өздерінің маңыздылығын сезініп, жетістіктері мен проблемалары туралы ашық айта алды.

Интенсив-тренинг жағымды атмосферада өте қызықты және әсерлі өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!