Лауазымдық міндеттері:білім беру ұйымы білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды; таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;клубтар, үйірмелер, секциялар, жастар (студенттер) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.;қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім алушының қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;дебаттар, студенттік парламент, кештер, мерекелер, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.