Библиотека

24.04.2025 ж. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ҚТ-24-09 тобының студенттерімен М.Әуезовтің тарихи туындысы – «Қилы заман» повесі бойынша «Тарих үкімі – «Қилы заман» шығармасы» атты іс-шара әдеби сот түрінде өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – шығарманы бір мезгілде оқып, өз ойларын ортаға салу, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылық пен ынтаны арттыру.

Шараға белсене қатысқан білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды.