Лауазымдық міндеттері
-Білім беру мекемесінің шаруашылық жұмысын жүргізу; колледждің шаруашылық құжаттарын сақтау;
-Қарамағындағы техникалық және қызмет етуші персоналдың жұмыс көлемін береді, жұмысшылардың жұмыс уақытын қадағалайды, жоба бұйрығын дайындайды;
-Колледж ғимараттарына, жатақханаға, жылу жүйесіне, өртке қарсы ережелерге сай шаруашылық қызмет көрсету және су, канализация, электр құрылғыларының мүлтіксіз жұмыс істеуіне жауап береді;
-От жағу мерзімінде колледж жылуының ережеге сай болуын қадағалау;
-Экологияға байланысты іс-шараларды ұйымдастырады;
-Шаруашылық шығындардың сметасын жасайды, колледж ғимараттарына, жатақханаға, от жағу орнына жеңіл және күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын құруға қатысады;
-Жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады және оның сапасын бақылайды;
-Жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қадағалайды;
-Колледжге қатысты материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасайды;
-Әртүрлі қызмет көрсететін ұйымдармен келісім шарт жасауды ұйымдастырады;
-Шаруашылық істерге пайдаланылатын заттардың тәртіппен жұмсалуын қадағалайды;
-Жұмысшылардың жұмысына арнайы қорғаныс киімге тапсырыс береді, есептегі арнайы киімнің мақсатқа сай қолданылуын бақылайды;
-Колледж аумағының (ішкі-сыртқы жағдайы) толықтай өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық, өмір қауіпсіздігі ережесі, талаптарына сай жұмыс жасауын қадағалайды, бақылауды қамтамасыз етеді;
-Колледж маңайының тазалығын, көгалдандырылуын және мерекелерге қарсы безендіруін басқарады;
-Сенбіліктердің өткізілуін бақылау,нұсқау беру;
-Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына және жыл бойындағы кезексіз жөндеу жұмыстарын дер кезінде ұйымдастырып,басшылық жасау;
-Колледждегі коммуналдық қызметті пайдаланудағы үнемдеу іс-шараларын ұйымдастыру;
-Қыс мезгілінде ғимарат шатырынан қарды түсіру;
-Ауланы қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;
-Колледж аумағында (оқу ғимараты, колледж ауласы, жатақхана) күзет қызметінің талапқа сай жүргізілуін бақылау;
-Колледж асханасы, буфеттің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
-Өртке қарсы шаралар жүргізу, өртке қарсы қолданылатын құралдардың, электр қондырғыларының, жарық көздерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
-Өрт қауіпсіздігі іс-шараларын ұйымдастырады, өртті өшіру құралдарын тиісті кабинеттерге қою және пайдалану мерзімін қадағалау;
-Колледждің шаруашылық қызметкерлерін басқарады, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғау ережелерімен таныстырады;
-Оқу орнында техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты нұсқаулықтар жүргізеді;
-Құрылғылар мен еңбек құралдарына уақытында тапсырыс жасайды;