Ұстаздардың ұстазы

М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, Ш.Айманов, Қ.Қабылбаев, Ә.Сембаев, М.Бөжеев … Осылай тізбектей берсең, бар қазақтың біртуар ұлдары Семейдің педтехникумынан түлеп ұшқан екен-ау деген мақтаныш жүрегіңді кернейді. Ұлтына қызмет етуді өздеріне парыз санаған айтулы азаматтарға бұл оқу орнының тигізген әсері зор екеніне сөз бар ма?! Ал осы ұстаздардың ұстазы, бар өмірін оқу-ағарту ісіне арнаған Әбікей Зейінұлы Сәтбаевтың…

Алаштанушы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбаймен онлайн кездесу

25 мамыр көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, педтехникум оқытушысы Ермеков Әлімхан Әбеуұлының туғанына 130 жыл толуына орай алаштанушы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбаймен Zoom қосымшасында онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында колледж білім алушылары Алаш қайраткерлері…

Құттықтаймыз!!!

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 2018 жылғы түлегі, ақын, аудармашы Қажытай Серікжанды Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз! Серікжанның басты жетістіктері: Студенттер арасындағы халықаралық Есенин оқуларының бас жүлде иегері; Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының бас жүлде иегері; Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының ІІІ орын иегері; Т.Молдағалиев атындағы республикалық…

Білім берудегі ынтымақтастық пен сабақтастық – кәсіби маман даярлау кепілі

Қазіргі кезде елімізде білім мазмұнын жетілдіру, оқытудың тиімді модельдері мен білімді басқарудың тəсілдері іздестірілуде.  Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне  енуге бағыт алуда. Білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Білімнің философиясы мен əдіснамасын жаңартудың жаһандық тенденциясы жүзеге асырылуда. Бұл орайда білім беру жүйесін жаңартудың…

1-курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді

27 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде онлайн форматта 1-курс студенттерінің ата-аналарымен «Студенттердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева «Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарға 1-курс студенттерінің базалық білімін тексеру мақсатында алынған бақылау жұмысының қорытындысымен таныстырды. Директордың…