“М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” КМҚК

 

«Өзін-өзі тану» онкүндігінің өткізілу мақсаты: Білім алушыларды қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту, әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға  өмірдің  мәнін  түсініп,  өз  орнын  таба  білуге  тәрбиелеу.

Іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. 02-05.02.2022 жыл мерзімінде өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы А.К.Нурланова бірыңғай Республикалық «Сүйіспеншілік сабақтары» фестивалінде өзін-өзі танумен интеграцияланған педагогика сабағын өткізді. Болашақ педагог мамандарды даярлап жатқандықтан, олардың бойында рухани-құндылықтардың, адами қасиеттердің дұрыс қалыптасуына ықпал ету біздерге міндет. Өз мамандығына деген бүгінгі сүйіспеншілік, дұрыс көзқарас ертеңгі шәкірттеріне деген риясыз махаббатты негіздейді. Пәнді оқыту барысында термин, теориямен шектелмей, әр іс-әрекеттен өмірге деген нық қадамды жасай алатын сенімді адам тұлғасын қалыптастыру керек. Жоспарланған шаралардың да түпкі идеясы рухани бай, сауатты тұлғаны жетілдіру.