«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ПӘК онкүндігі аясында 05.03.2021 күні кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында қалалық ЖОБМ 9-11 сынып оқушылары арасында «МАМАНДЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ» атты қашықтықтан эсселер байқауы өтті.
Бұл байқауды ұйымдастыруда негізгі мынадай міндеттер көзделді:
- Оқушыларға кәсіби болашақты, мансапты және білім беру мекемесін таңдауға саналы, жауапты көзқарасты қалыптастыру;
- Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларға кәсіби жоспарларды қалыптастыруға, білім беру траекториясын, мансаптық стратегияны таңдауға көмек көрсету.
Мамандық таңдау бітіруші түлектер үшін өзекті де жауапты іс. Өздерінің ой-толғаныстарын парақ бетіне түсіріп, барлығы 32 оқушы қатысты. Қатысушылар арасынан жоғары ұпай жинағандар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар:
І дәрежелі диплом: «№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей», 9Б сынып оқушысы Хасенова Римма.
ІІ дәрежелі диплом: «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 11 «А» сынып оқушысы Өкенова Әдемі Оразханқызы.
ІІІ дәрежелі диплом: «Экономикалық лицей» КММ, 111 топ оқушысы Самойлова Анеля Максимовна.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификат табысталды.