Алаштың білім ордасы атанған М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылар қауымы мен студенттері Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбиелік-танымдық шаралар өткізуді жалғастыруда. Ұсынылып отырған «Жер киесі – Жидебай» атты анимациялық бейнебаян байқауы «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» пәндік-әдістемелік комиссиясының онкүндігі аясында 3-4 курс машықкерлері арасында ұйымдастырылды. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуын, өз пікірін дәлелді жеткізе алу үшін түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларын анықтау.

Дана Мұхтар: «Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен, өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек» – деген. Студенттер

байқау, сайыс, конференцияларға қатысу арқылы өздерінің тұлғалық «Менін» қалыптастырады. Қателеседі, кемшілігі болады, бірақ өзіндік даму, іздену үдерісі жүреді.

Байқау соңында қатысушылардың шығармашылық ізденісі, IT бағдарламаларды қолдануы, болашақ мамандығына кәсіби бейімделуі сараланды. Нәтижесінде, І орын  «Бастауыш білім беру»  мамандығы бойынша оқитын  31   топ машықкері   Мавленова Диляраға ( дайындаған әдіскер К.С.Мусина), 2 орын 303 топта оқитын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының машықкері   Серікұлы Ерсұлтанға (әдіскері Б.Р.Мұхамбаев), 3 орын  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының 305 топ машықкері Қожахметова Назымға (әдіскері М.Елеусізқызы) берілді.

Барша қатысушыларға ризашылық білдіреміз!

БЕЙНЕ БАЙҚАУ РОЛИКТЕР