Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Парасат» мектебінің жетекшісі Э.Д.Битолеуованың ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам міндеті» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қонақтары ШҚО мәслихат депутаты, ШҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Маржан Бахыт, облыстық «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің менеджері Думан Кенжеғазыұлы «Адалдық алаңы» жобасы және сол жобаның аясында жасалып жатқан жұмыстар жайлы айта келіп, жастардың бойында парасаттылық және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы өз ойларын ортаға салды. Жиын барысында жастар тақырып төңірегінде айтылған ойларды тыңдап қана қоймай, азамат ретінде өз пікірлерін білдірді.