5-30 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Мен кәсіпкермін” Республикалық Гранд турнирі өтті. Турнирдің бірінші айналымына 240-тан астам бизнес жоспары қатысып, екінші айналымға үздік деп танылған 90 бизнес жоспары өтті. 23 қараша күні “Байланыс және ақпарат, білім беру” секциясы бойынша қатысушылар өз жобаларын қорғады. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің “Бастауыш білім беру” бөлімінің 41 топ студенттері Мавленова Диляра мен Айтжанова Махаббат “AUTIschool” инклюзивті білім беру орталығы атты жобасын қорғады. 30 қараша күні сарапшылардың шешімі бойынша бұл жоба ең үздік деп танылып 1 орын иеленді. Жоба жетекшісі Сағымбеков Нұржан Әшімұлы және жоба қатысушылары Мавленова Диляра мен Айтжанова Махаббатты жетістіктерімен құттықтаймыз!