23.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы кітаптарға қалам тербеген, «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», «Степь и судьба» кітаптарының авторы, жазушы Жан Ақжановпен кездесу өткізілді. Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Жемқорлықпен күрес және суицидті көркем әдебиетке енгізген жазушы жастарға өз туындыларынан мысалдар келтіре отырып жемқорлықтың қаншалықты зияндылығын және өмірдегі болмашы бір сәттік бақытсыздық үшін суицидке бару тығырықтан шығар жол еместігін әңгімеледі.
12 жыл шет елде өмір сүріп 27 ел аралаған ана тілінен өзге төрт тілді еркін меңгерген жазушының өмірі жастардың шынайы қызығушылығын оятып, әртүрлі сұрақтар қойды. Жан Ақжанов студенттермен ашық диалог орнатып, өз бойындағы жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу барысындағы ойларымен және тәжірибесімен бөлісті.
Семей қаласындағы қасиетті қара шаңыраққа келген жазушыға колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева колледж әкімшілігі мен студенттерінің атынан адлғысын білдірді.