Тәжірибе
  • Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен 2020-2021 оқу жылының соңында 3 курстың 294 студенті жазғы сауықтыру лагеріне босатылып, студенттеріміз Республиканың әр аумағынан аталған практиканы өткізіп келді.
  • Студенттеріміздің 50 %-нан астамы  Семей қаласының мектеп жанындағы лагерьлерінен,  Алматы облысы «Балдаурен» РОСО лагерінен 25 студент, Ақмола облысынан 2 студент, Қызылорда облысынан 2 студент, Түркістан облысынан 1студент, Алматы облысынан 5 студент,  Павлодар қаласынан 1 студент, Өскемен қаласынан 3 студент және біршама студентеріміз ШҚО әр аудандарынан  жазғы сауықтыру лагері практикасын өткерді.

 

  • 09.-16.09. 21 күндер аралығында жазғы сауықтыру лагерінен келген студенттеріміз “FUN TIME AT CAMP” атты қорытынды конференциясын өткізді.

 

  • Конференцияға колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева, ДІТЖО К.А.Искакова, әдіскерлер мен 3,4 курс студенттері қатысты.

 

  • Конференция барысында жазғы сауықтыру лагерін сапалы ұйымдастыру, үйлестіру және өткізу мәселелері қаралды. 4 курс студенттері жазғы лагерьде жүргізген жұмыстарын презентация, бейнетүсірілімдер арқылы  көрсетіп, 3 курс студентерімен тәжірибе алмасты.

 

  • ДІТЖО И.К.Аскаровна іс-тәжірибе барысындағы қиыншылықтарға тоқтала келіп, оларды шешу жолдарын іздеу мақсатында 3 курс студенттері мен әдіскерлеріне алдағы оқу жыланда жүргізілетін  бірқатар іс-шараларды  ескертті.

 

Жазғы сауықтыру лагерінен келген бітіруші түлектеріміз алдында әлі талай асулар  күтуде. Жаңа оқу жылдарыңызға СӘТТІЛІК!