2023 жылдың 17 мамыры күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесіне даярлық есебі өтті. Іс-шараның басты мақсаты: студенттерді білімді, креативті, бәсекеге қабілетті, «Жазғы сауықтыру лагері» талаптарын орындай алатын тәлімгерлер даярлығын тиянақтап, іс-тәжірибеге босату.
11.05.23ж.-17.05.2023ж. күндер аралығында білімалушылар «Жазғы сауықтыру лагері» практикасы дайындығынан, оқу практикасынан өтіп, лагерь іс-тәжірибесінің теориясы мен әдістемесін меңгерді. Оқу практикасынан алған білім, іскерлік, дағдыларын қорытындылау мақсатында 19 топтың 427 білімалушысы есеп беру іс-шарасында жазғы сауықтыру лагеріне толық дайын екендіктерін көрсете білді. Студенттерге машықтандыру мақсатында семинар мақсатына сай жоспарлы, мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттер болашақ тәлімгерлік қызметтің қыр-сырын үйренумен қатар кәсіби құзыреттілігін дамытатын педагогикалық технологиялар мен лагерьді ұйымдастырудың түрлі нысандарын меңгерді.
«Жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру» оқу семинарының аясында лагерьдегі «Атаулы күндер», «Тәлімгерге қойылатын талаптар мен психологиялық дайындықтарына» арналған іс-шаралар кезең-кезеңмен көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Семинарға қатысқан топтар жұмысы көрсетіліп, колледж әкімшілігінің марапаттары мен дипломдарына ие болды.
Болашақ тәлімгер-жастарды жаз мезгілінде тәжірибе алаңына дайындауға педагог-әдіскерлер өз үлестерін қосты. Оқытушылар шеберліктерін, тәжірибеліліктерін танытып, әр отрядтың жұмыс мазмұнын шығармашылықпен ашуға бағыт-бағдар беріп, іскерлікке, шығармашылыққа, талаптылыққа баулыды. Әрбір әдіскер еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Оқу орынымыздың студенттері жыл сайын «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесінен Абай облысы өңірлерінің әр типті лагерлері базасынан өтеді, кейінгі кездері республикамыздың кез келген облыс лагерьлерінен де сұраныстарын әкеліп жатады. Бірнеше жыл қатарынан және биылғы жылы оқу орнымыз Қапшағай қаласы, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы лагеріне және Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, “Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарымен де тығыз байланыста серіктестік жұмыс атқарудамыз. Биылғы оқу жылында да біршама білімалушы-машықкерлер жоғарыда аталған лагерьлерден іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді. Бұл студенттерді өздерінің 3 жыл бойы жинақтаған портфолио негізінде – оқу мен тәрбие ісіндегі жетістіктері негізінде семинар бойынша бекітілген әділқазылар іріктеуінен өткізілген 36 студент Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарынан іс-тәжірибеден өтуге жолдама алды.