АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ
2024 жылдың 25 мамыры күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесіне даярлық есебі өтті. Іс-шараның басты мақсаты: студенттерді білімді, креативті, бәсекеге қабілетті, «Жазғы сауықтыру лагері» талаптарын орындай алатын тәлімгерлер даярлығын тиянақтап, іс-тәжірибеге босату.
20.05.-25.05.2024ж. күндер аралығында білімалушылар «Жазғы сауықтыру лагері» практикасы дайындығынан, оқу практикасынан өтіп, лагерь іс-тәжірибесінің теориясы мен әдістемесін меңгерді. Оқу практикасынан алған білім, іскерлік, дағдыларын қорытындылау мақсатында 19 топтың 438 білімалушысы есеп беру іс-шарасында жазғы сауықтыру лагеріне толық дайын екендіктерін көрсете білді. Студенттерімен машықтандыру мақсатында семинар мақсатына сай жоспарлы, мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттер болашақ тәлімгерлік қызметтің қыр-сырын үйренумен, қатар кәсіби құзыреттілігін дамытатын педагогикалық технологиялар мен лагерьді ұйымдастырудың түрлі нысандарын меңгерді.
Біздің оқу орыны соңғы үш жыл қатарынан Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген шатқалы, «Тау-Жанашар» балалардың қарқынды демалу орталығымен тығыз серіктестік байланыста жұмыс атқарып келеміз. Сол себептен 21.05-25.05.2024ж. күндер аралығы Алматы облысы, «Тау-Жанашар» балалардың қарқынды демалу орталығы директорының орынбасары Ерёмина Марина Евгеньевна және аға тәлімгері Сәрсехан Дәмелі Құрметқалиқызы оқу орнымыздың жазғы сауықтыру лагері практикасы жетекшілері және студент-машықкерлермен тәжірибе алмасты.
«Жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру» оқу семинарының аясында лагерьдегі «Атаулы күндер», «Тәлімгерге қойылатын талаптар мен психологиялық дайындықтарына» арналған іс-шаралар кезең-кезеңмен көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Семинарға қатысқан топтар жұмысы көрсетіліп, колледж әкімшілігінің марапаттары мен дипломдарына ие болды.
Болашақ тәлімгер-жастарды жаз мезгілінде тәжірибе алаңына дайындауға педагог-әдіскерлер өз үлестерін қосты. Оқытушылар шеберліктерін, тәжірибеліліктерін танытып, әр отрядтың жұмыс мазмұнын шығармашылықпен ашуға бағыт-бағдар беріп, іскерлікке, шығармашылыққа, талаптылыққа баулыды. Әрбір әдіскер бұл еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Оқу орынымыздың студенттері жыл сайын «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесінен Абай облысы өңірлерінің әр типті лагерлері базасында өтіп жүр. Сонымен қатар, студенттеріміз Қапшағай қаласы, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен РОСО» РМҚК лагерлеріне конкурс арқылы іріктеліп жіберіледі. Соңғы үш жыл қатарынан студенттер Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген шатқалы, «Тау-Жанашар» балалардың қарқынды демалу орталығында лагерь практикасынан өтуде. Биылғы оқу жылында да біршама білімалушы-машықкерлер жоғарыда аталған лагерьлерден іс-тәжірибеден өтуге ниет білдірді.
Тәлімгерлердің «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесіне сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!