ТәжірибеХабарландырулар
АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 жыл!
«ЖАЗ – 2023» жазғы сауықтыру лагерінің
қорытынды конференциясы
15.09.2023 ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «ЖАЗ – 2023» атты жазғы сауықтыру лагерінің онлайн, оффлайн түрінде қорытынды конференциясы өтті. 2022-2023 оқу жылы колледжден 19 топ: “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі”, «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Музыкалық білім беру», “Тәрбие жұмысын ұйымдастыру”, “Қосымша білім беру”, «Көркем еңбек» мамандықтарында оқып жатқан 2-3 курс топ студенттері өздерінің әкелген сұраныстары бойынша Абай облысының ауыл-аймақтарына -164 студент, Семей қаласының мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерге -173 студент, Шығыс Қазақстан облысына -31, Астана қаласына-1, Жетісу облысына – 3, Маңғыстау облысына – 1, Түркістан облысына – 1, сонымен қатар – Қонаев қ., «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына – 26, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, «Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығына – 10, Алматы облысы, «Тау- Жаңашыр» балалардың қарқынды демалу орталығына -11, жиыны 421 студент лагерь іс-тәжірибиесінен өтіп келді.
Қорытынды конференцияда «Жазғы сауықтыру лагерінде жас ерекшеліктері әртүрлі балалармен жұмыс түрлері», «Жазғы сауықтыру лагерінде өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары», «Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру ерекшеліктері», «Мектеп жанындағы лагерь мен қала сыртындағы лагерьлер жұмысындағы ұқсастық пен айырмашылық», «Қосымша білім беру ұйымдарындағы жазғы сауықтыру лагері, танымдық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыптарында 2-3 курс студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, лагерьдегі балалармен жүргізілген жұмыстары, қызықты сәттер, кездескен қиыншылықтарды қалай шешкендері туралы айтып, ойларын бөлісті. Студенттер балалардың жазғы демалысын шығармашылықпен, белсенді, көңілді, қызықты ұйымдастыра білгендерін видео арқылы жеткізді.
Студенттеріміз іс-тәжірибеде белсенділік танытып, жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін іс-тәжірибе орнынан Алғыс хаттармен марапатталды. Студенттеріміздің көрсеткен жетістіктері – әдіскерлер мен педагогикалық ұжым үшін үлкен дәреже!