27.12.2023 күні «Жасөспірімдер арасындағы бопсалау» тақырыбында колледждің ер балалары арасында колледж ішінде және де одан тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу мақсатында профилактикалық сағат өтті.
Шара барысында ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Жунусов Медғат Талғатұлы мен ҰҚҚКБ полиция майоры аға жедел уәкіл Мейрамұлы Бейбит өзекті мәселелердің бірі – буллинг (балаларға қатысты құрдастырынан қорлау) және гемблинг (құмар ойындарға патологиялық бейімділік) білім беру мекемелеріндегі кәмелетке толмағандар арасында қайғылы оқиғалардың алғышарттары болуы мүмкіндігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Полиция қызметкерлері көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды қатаң ескертті.