Әдістемелік қызметХабарландырулар

2020 жылдың 20 сәуірінде  «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде  ШҚО қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігімен бірлесіп «Абай және адамзат құндылығы»тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференция дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 корнавирусын пандемия деп жариялауына байланысты  ҚР Президенті Қ.К.Токаевтың»Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес қашықтықтан өтті.

Конференция мақсаты:

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ережелерін іске асыру мақсатында Абай мұрасы білім беру кеңістігінде қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртудың өзекті мәселелерін талдау;
  • Елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алған Абай мұрасын табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыру;
  • Ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруда мәдениет пен идеологиямызды дамытушы, қоғамымыздың идеалы,  өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, озық әрі жаһандық көзқарасы бар hi кәсіби тұлға қалыптастыру.

Конференция барысында:

Облыстық конференция және байқаулар инновациялық идеялар мен бастамаларды ұсынған, ТжКБ жүйесінде елжанды, рухани жаңғыруды жүзеге асыратын педагог кадр даярлау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген әдістемелік алаң болды. Алаңда:

  • Абай мұрасы зерделенді;
  • Абай мұрасының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалы насихатталады.
  • Абайдың қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипаты ашылды;
  • Ұлттық рух пен тәуелсіз сана қалыптастыруда Абай мұрасындағы  Мәңгілік Ел идеясы мен Толық адам концепциясының орны айқындалды;
  • Жас педагогтар өз педагогикалық тәжірибелерінен Абай мұрасын оқытудағы өзекті мәселелерді талдап, оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту жолындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Конференцияның ұйымдастырушылары ШҚО қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі мен «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК  жұмысты «Оқу-тәрбие үрдісінде Абай мұрасын оқытудың заманауи технологиялары», «Абай және және Мәңгілік Ел идеясы», «Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда Абай мұрасының орны», «Абай аудармалары және адамзаттық тағлым» бағыттарында қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырды.

Конференцияға жұмысына Шәкәрім атындағы МУ профессорлық-оқытушы құрамынан З.К.Мукатаева, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.; Т.А.Кариева,  тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.; Сабырбаева Р.Қ., ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті оқу кафедрасының доценті; Ахтанова А.С., ф.ғ.к. тартылды. Филология ғылымдарының кандидаты Сабырбаева Р.Қ. «Абай поэзиясының шығыстық және еуропалық классикалық әдеби мұраларымен үндестігі»тақырыбында жасаған баяндамасында өз зерттеулерлерімен бөлісті.

«Абай және адамзат құндылығы» ғылыми-практикалық конференцияға ШҚО ТжКБ жүйесіндегі төмендегі оқу орындарынан 69 жас оқытушылар мен білім алушылар қатысты:

  1. «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
  2. «Абай колледжі» КММ
  3. «Тарбағатай колледжі» КММ
  4.  «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК
  5. «Жоғары «Қайнар» колледжі» ЖШС
  6. «Авиценна» жоғары медициналық колледжі» білім мекемесі
  7. “Радиотехника және байланыс колледжі”КМҚК
  8. «Құрылыс колледжі» КМҚК
  9. «Зайсан технология колледжі» КММ
  10. “КВАНСОН” ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЙ КОЛЛЕДЖІ” мекемеcі
  11.  «Көлік колледжі» КМҚК
  12. “Шығыс Қазақстан технология колледжі” ҚМҚК
  13. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ колледжі

Конференцияға қатысқан  қатысушыларға сертификат беріліп, «Құрылыс колледжі» КМҚК жас оқытушысы Қалиасқарова Ж.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жас оқытушы, «М.О.Әуезов атындағы педагоикалық колледжі»КМҚК ағылшын тілінің оқытушысы Секенова А.М., «КВАНСОН» Қазақстан – Корей колледжі» мекемеcі білім алушысы Зимин Р.М. (жет.: Иванова В.П.), «Семей» Медициналық колледжі» мекемесі білім алушысы Кенеева А.А. (жет.: «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы, ф.ғ.м. Толеубекова Г.Н.,), «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК білім алушылары Бакказиев Б.Р., Олжабаева Ш.А. (жет.: қоғамдық пәндер оқытушысы, п.ғ.м. А.К.Боленбаева), Айтжанова М.(жет.: қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Мусина К.С.), Шаметова А. (жет.: қоғамдық пәндер оқытушысы Муканов Т.К.),  Нұғманова Э.Ш. (жет.: музыка пәнінің оқытушысы Боженова А.К.), Тунгатарова В. (жет.: Муздыбаева А.К.) жұмыстары «Үздік» деп бағаланып, жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция материалдары электронды жинаққа енгізіліп,  PDF форматында www.pkollsemey.кz. сайтына жарияланды (https://cloud.mail.ru/public/5Lsg/4n4Nr2Nvr)