М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру, сабақ беру әдісін жетілдіру мақсатында 2023 жылдың 11 қыркүйек күні «Жас оқытушылар мектебінің» алғашқы ұйымдастыру отырысы өткізілді. Отырысқа жас мамандар тәлімгерлерімен бірге қатысты.
«Жас оқытушылар мектебі» жетекшісі Сарсекова Г.К. ұйымдастыруымен жас маманмен танысу жаттығулары жүргізілді. Жас мамандар «Менің алғашқы сабағым» тақырыбында пікір бөлісті.
Колледж әдіскері Музапарова Д.Б. «Тәлімгерлік – жас ұстазды кәсіби қолдаудың тиімді түрі» тақырыбы бойынша топтық жұмыс ұйымдастырды. Жас оқытушылар тәлімгерлерімен үш топқа бөлініп, «Жаңа формация педагогі» ұғымына талдау жасады.
Директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Оспанова Д.Т. педагогтің қатаң есептегі қажетті құжаттаманы жүргізуі бойынша мәселелер, теориялық оқыту журналын жүргізу бойынша ұсынымдар, колледждің жергілікті актілерімен танысу, колледждің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді.
Отырыс соңында «Жас мамандарға арналған жаднама» таратылып, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс» деген сөзімен аяқталды. Жас мамандар үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты.