2020 жылдың 28 қазаны күні Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Математика және информатика» ПӘК онкүндігінде математика пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен қала мектептері арасында қашықтан Zoom қосымшасы және https://quizizz.com/ сайты арқылы «Жас математик» атты қалалық интеллектуальды қашықтық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
– математика пәнінен білімі мен қабілеті жоғары оқушыларды мадақтау;
– оқу орнының кәсіби бағдар мазмұнын жетілдіру;
– оқушылардың мамандық таңдауына ықпал жасау.
Мiндеттерi:
– оқушылардың пән бойынша білімін тереңдету;
– жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
– ғылыми-зерттеу қызметі мүддесін ынталандыру;
– дарынды оқушыларға қолдау көрсету;
– интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға қала бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып негізінде қазақ және орыс тілді сыныптарда оқитын 46 оқушы қатысты. Олимпиада https://quizizz.com/ сайты арқылы 25 сұрақтан тұратын тест түрінде алынды. Қорытындысы ұпай санымен есептелініп, жүлделі орын ең көп ұпай жинаған қатысушыларға тағайындалды. Қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен сертификаттар, ал жетекшілерге арнайы «Алғыс хат» берілді.
9 сынып (қазақ тілі)
І орын – Журсымбаева Әлибек Асқарұлы («№38 ЖОББ мектеп-лицей»КММ)
ІІ орын – Маширбаева Нұрай Қанатқызы (Шақаман ЖОББМ)
Қабидолдаева Айзана Даниярқызы («Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ» КММ)
Анарбекова Айым Нұржанқызы («Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ»)
III орын – Дайрбаева Аяжан Бейсенбековна (№49 ЖОББМ)
Семейханова Еркежан (“Приречное ЖОББМ” КММ)
9 сынып (орыс тілі)
І орын – Серикова Аружан (КГУ «Экономический лицей»)
ІІ орын – Новикова Екатерина (КГУ СОШ №28)
Козенко Анастасия («Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
ІІІ орын – Окасова Асем («№19 жалпы орта білім береті мектеп» КММ)
11 сынып (қазақ тілі)
І орын – Кубылтаева Айнур Ергалиевна («Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп»)
ІІ орын – Онғарбаев Дастан (“Приречное ЖОББМ” КММ)
ІІІ орын – Ербол Айдана («Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ)
11 сынып (орыс тілі)
І орын – Шарипова Мадина (КГУ СОШ №12)
ІІ орын – Антонова Елизавета (КГУ СОШ № 28)
Ламерт Анастасия (КГУ СОШ №29)