28 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Колледж, ата-ана, студент ынтымақтастығы – сапалы кәсіби маман дайындау кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылын қорытындылау;
2. Колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтау;
3. 2023-2024 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау;
4. 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау;
5. Жазғы демалыстағы білім алушылардың қауіпсіздігі тақырыбындағы мәселелер қарастырылды.
Жиналыс барысында колледж басшысы Ш.А.Жанаева білім алушының жан-жақты дамуына жағдай жасау жолындағын оқу орны мен отбасының ынтымақтастығын туралы айта келе, ата-аналарды білім саласындағы және оқу орнының жаңалықтарымен таныстырып өтті. Болашақ маманды қалыптастырудағы колледж бен ата-ана ынтымақтастығының маңызына ерекше тоқталып, осы мақсатта оқу орнында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Ата-ана мен оқу орнының арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі. Осы бағытта еңбек етіп жүрген белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты шарадан соң ата-аналар топтық жиналыстарда тренингтерге қатысып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруда ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету секілді өзекті тақырыптарды ашық әңгіме алаңында талқылады. Топтық ата-аналар жиналысында педагогикалық және психологиялық жағдаяттар қарастырылып, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдерді тиімді қолданылды.
Болашақ мамандарды оқытуда, оларды даярлауда, білікті жастар тәрбиелеуде оқытушылардың ата-аналармен бірлестікте, ынтымақтастықта жұмыс істеуі жоғары нәтиже берері анық.