Хабарландырулар

«Жаңартылған мазмұны дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады» –деп Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектептер жаппай жаңа бағдарламаға көшуде.

Семей педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында 27 қыркүйек күні  «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге жаңартылған білім мазмұнын түсіндіру мақсатында  Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Н.М.Байбусинова мен А.Н.Жайсаңбаева, педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Д.Э.Үсенова қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараның мақсаты- болашақ ұстаздарға бағыт-бағдар беріп, бағдарлама мазмұнымен кеңірек таныстыру.

Дөңгелек үстелге колледждің қазақ тілі мұғалімдері мен 3,4-курс студенттері қатысты. Шара барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, ұстаздармен ой бөлісті.