Тақырыбы: «Жаңартылған  білім мазмұны – жаңаша көзқарас»

Кіріспе бөлімінде облыстық педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестік жетекшісі Алканова З.С.вебинардың мақсат, міндеттерімен таныстырды.

Негізгі бөлімінде спикерлер сөз алды:

1.М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  химия пәнінің  оқытушысы Музапарова Д.Б. «ТжКББ жүйесіндегі жалпы білім беретін пәндерді жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспарлау» мәселесі бойынша  жаңартылған білім беру мазмұнын  іске асыруда басшылыққа алатын негізгі құжаттар,оқу мақсаттарының жүйесі түрінде құрылған білім берудің күтілетін нәтижелеріне бағдарлануы жайлы, «Химия» пәнін оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді ашып өз тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық практикада ескерілетін құжаттармен де таныстырып өтті.

Қалиева С.С, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: «Саралап оқыту. Саралап оқыту стратегиялары» сұрағы бойынша саралау типтері мен саралап оқыту қағидаттарын анықтап айтып берді. Саралаудың тиімді жолдары мен  сабақты жоспарлауға арналған саралаудың түрлерін, кезеңдерін мазмұндады.

Калкенова Б.Ж.-биология пәнінің оқытушысы:  Жаңартылған мазмұнның ерекшелігі мен оқытудағы жаңа тәсілдерге тоқталды. Нақты тәжірибелік жұмыстар демонстрациясы арқылы тақырыптың мазмұнын ашты.

Сағатбеков Б.А.-дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы: «Дене тәрбиесін жаңартылған білім беру мазмұнына сай ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбында  дене тәрбиесінде жаңартылған білім беру мазмұны ерекшелігін  4 бағытта ашып көрсетті: тиімді оқыту, сыни ойлауға үйрету, саралап оқыту, бағалаудың әділдігі туралы нақты түсіндірді. Практикалық тұрғыдан мысалдар келтірілді. Жаңартылған бағдарламаның артықшылықтары  айтылды.

Кері байланыс орнатылып,  қатысушылар тарапынан оң  пікірлер айтылды.