ҚРБжҒм 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының жоспары бойынша 01-07 қыркүйек аралығында «Бастауыш білім беру», 01-14 қыркүйек аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары бойынша жиыны 6 топ, IV курста оқып жатқан 119 студент «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасынан өтуін бастап кетті. Оның 38 студенті қаламыздың №37 мектеп-гимназиясында және №8, №17, №28, №3, №23 жалпы орта білім беретін мектептерде, қалған 81 студент өздерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша ауыл-аймақтарындағы мектептерге бекітілді
Өкінішке орай, covid-19 пандемиясы білім саласында да өз қиыншылықтарын тудырып отыр. Бірақ, мүмкіндігінше, пандемия кезеңінде оқушылардың денсаулығын сақтау және мектептерде барлық СЭС талаптарын сақтай отырып, бір сыныпқа бір студент тіркеп, мектеп әкімшілігінің рұқсатымен практиканы штаттық режимде жиыны 100 студент өтуде, қалған 19 студент қашықтықтан өтетін болды.
Практиканы бастамас бұрын колледждің практика жетекшілерімен, мектеп мұғалімдері, ата-аналармен және колледж студенттерімен онлайн жиналыстар өткізілді. Жиналыста практиканы өту барысы, тәртібі мен СЭС талаптарының қатаң сақталуы туралы айтылды. Студенттер практиканың алғашқы күндері сабақтарға қатысып, балабақшалар мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығына талдау жасап, оқушылардың алғашқы күндері мектепке бейімделуін бақылауда. Мұғалімге көмек көрсетіп, ойындар, сергіту сәттерін ұйымдастыруда, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Жалпы, колледжіміздің практика жетекшілері, мектеп мұғалімдері пандемия жағдайында білім сапасын арттыру үшін барлық күштерін салып жұмыс жасауға кірісті. Әрбір ұстаз жаңа идеяларын жүзеге асыруда, ізденуде. Студенттеріміздің практикадан сәтті өтулеріне тілектеспіз!
Колледж әкімшілігі.