11.О2.2022 жылы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы” онкүндігі аясында 24 топ білім алушыларымен “Жүректен жылу таратқан” психологиялық тренингі ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: Студенттер арасында жағымды көңіл-күй, тілектестік атмосферасын қалыптастыру болды. Тренинг барысында білім алушылар достық, адамгершілік, сүйіспеншілік, ынтымықтастық қасиеттерін, студенттің бойына дарыту үшін “Моншақ” жаттығуы арқылы өз-өздеріне рефлекциялық талдау жасады. Әуен терапия арқылы ішкі тыныштыққа кеңеліп, “Кедергілерден өту” арқылы дұрыс әрекет құндылығына қарай бағытталды. Тренинг барысында рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы жалпыадамзаттық бес құндылық қамтылып, тренинг өз мақсатына жетті.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» – деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді.
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.