Әдістемелік қызметХабарландырулар
🔶 15.05.2023ж күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде білім алушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру, дарынды білім алушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушылар арасында ғылыми білімді тарату мақсатында жыл сайынғы дәстүрлі «ZERDE» интеллектуалдық турнирінің колледжішілік кезеңі бойынша қорытынды іс-шара өтті. Турнир барысында студенттердің оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасып, пән бойынша теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, студенттердің ғылыми-зерттеушілік бастамасын қолдау көзделеді.
🔶 Директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Д.Т.Оспанованың кіріспе сөзінен кейін, 2022 жылғы «ZERDE» интеллектуалды турнирі аясында зерттеу жұмыстарымен облыстық, респбуликалық, халықаралық дәрежедегі конференция жүлдегерлері Ардаққызы Жұлдыз(БББ 21-09-01 тобы), Бекова Айзере (БББ 21-09-01 тобы), Назарбекова Айерке (ИНФ 21-09 тобы) зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен бөлісті.
🔶 2023 жылғы «ZERDE» интеллектуалды турнирінде үздік деп танылған зерттеу жұмыстары қорғалды:
Сарқытбек Жаннұр, АУД 21-09 тобы. Тақырыбы: «Брекет жүйесі». Жетекші:Куспанова Л.У.
Жумабаев Әли, Теленчинов Жаннұр, КЕ 21-09 тобы. Тақырыбы: «Домалақ мүсін. Пингвиндер». Жетекші: Айткожин М.К.
Айдынұлы Назарбай, КЕ 21-09 тобы. Тақырыбы: «Өрім түрлері» Жетекші: Айткожин М.К.
🔶 Турнир ережесі бойынша бірінші кезең – пәндік-әдістемелік комиссия ішінде іріктеу турынан өткен үздік жобалар екінші кезеңде колледжішілік деңгейде қорғалады. Турнирде студенттердің тек ғылымға, ізденіске ұмтылысы ғана емес, сөз саптау өнері мен тұлғалық қабілетінің де қалыптасқаны байқалды.
🔶 ПӘК ішілік кезең бойынша іріктеуден өткен 80 жұмыс келіп түсті. Сараптамалық комиссияның қарауынан кейін 39 жұмыс қорғауға жіберілді. Зерттеу жұмыстары төмендегідей бағытта қорғалды:
• Педагогика;
• Психология;
• Физика-математикалық (физика, математика, информатика);
• Ғылыми-жаратылыстану (биология, химия, адам денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау);
• Лингвистикалық (әдебиеттану, тіл білімі);
• Әлеуметтік-экономикалық;
• Гуманитарлық (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
• Өнер бағыты;
• Спорт бағыты.
🔶 Қорғау кезінде ғылыми жоба жұмыстары пәндік-ақпараттық құрылым, әрекетті-коммуникативтік құрылым, АКТ құрылымы бойынша критерийлерге сәйкес бағаланып, сараптамалық комиссия мүшелері жеңімпаздарды және номинациялар иелерін анықтады.
🔶 Турнир қорытындысы:
🥇 І орын – Сарқытбек Жаннұр, АУД 21-09 тобы. Тақырыбы: «Брекет жүйесі». Жетекші: Куспанова Л.У.
🥈 ІІ орын – Рахимбердина Дильназ, 31 топ. Тақырыбы: «Бейнені монтаждау-бағдарлау бағдарламасы». Жетекші: Сентаева А.Б.
🥈 ІІ орын – Жумабаев Әли, Теленчинов Жаннұр, КЕ 21-09 тобы. Тақырыбы: «Домалақ мүсін. Пингвиндер». Жетекші: Айткожин М.К.
🥉 ІІІ орын – Молдағазиева Айым, Төлегенова Аяжан, БББ 22-09-01 тобы. Тақырыбы: «Абай жолы» романындағы ұлттық киім нақыштары». Жетекші: Сахариева З.Д.
🥉 ІІІ орын – Ардаққызы Жұлдыз, БББ 21-09-01 тобы. Тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қоғамдық қатынас мәселелерінің көтерілуі». Жетекші:Боленбаева А.К.
🥉 ІІІ орын – Айдынұлы Назарбай, КЕ 21-09 тобы. Тақырыбы: «Өрім түрлері». Жетекші: Айткожин М.К.
🏆 «Жаңашыл идея» номинациясы – Досжанқызы Гүлсім,
БББ 21-09-01 тобы. Тақырыбы: «Ерекше қажеттілігі бар балалар отбасына психо-педагогикалық қолдау». Жетекші: Алканова З.С.
🏆 «Алғыр ой» номинациясы – Әбеу Айбол, 37 топ. Тақырыбы: «Қазіргі жастар тілі және варваризмдер». Жетекші: Касымжанова Г.К.
🏆 «Парасатты пайым» номинациясы – Тоғызбаева Карина, 38 топ. Тақырыбы: «Рух беріп, жанды емдейтін әнші, ұлт мақтанышы Димаш Құдайберген». Жетекші: Бекбулатов Б.М.
🏆 «Зерделі зерттеуші» номинациясы – Ибраимова Аяулым, Советова Нұрай, БББ 22-09-01 тобы. Тақырыбы: «Жамбас пен омыртқа үйлескен деформацияларын оңалтудағы гидрокинезотерапияның рөлі». Жетекші:Токанова А.С.
Жеңімпаздарға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне, ұлылар еліне саяхатқа жолдама берілді.
3