Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру, өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда суденттердің танымдық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дәстүрлі түрде «Зерде» интеллектуалды турнирі өткізіледі. 10.05.2022ж «Жаратылыстану» ПӘК оқытушыларының жетекшілігімен турнирдің үшінші күні өтті.
Бұл турнирде студенттер жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға, оны зерттеу арқылы, яғни практикалық бағытта дәлелдемелерін ұсынды. Сондай тамаша жұмыстарды бақылай отырып, ғылыми зерттеу дағдыларының қалыптасқанын, танымдық деңгейлерінің жоғары көтерілгенін көрдік. Жасаған жұмыстарының теориялық және практикалық бағыттарын ұсына алды. Зерттеу жұмысына СЖО 21-09, ШТБ 21-09, АУД 21-09, ШТ 21-09-02, 21, 22, 23 топ студенттері қатысты.
11.05.2022ж, турнир қорытындысы: «Қарағай бүршігінің иммунитетті көтерудегі маңызы» тақырыбы бойынша ШТ-21-09-02’топ суденті Қазизова Айзада, І-дәрежелі дипломмен, жетекшісі А.А. Алибекова, «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізетін әсері» АУД-21-09 топ студенті Батыруланова Азиза ІІ-дәрежелі дипломмен, жетекшісі Б.М. Айтқалиев, «Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері» 21 топ студенттері Рахимбердина Дильназ, Сарсембаева Мөлдір, жетекшісі Б.Ж.Калкенова, «Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы, оқу орнының түлегі» СЖО-21-09 топ студенті Бедельбаева Томирис, жетекшісі Л.У.Куспанова, «Синтетикалық жуғыш заттардың пайдасы мен зияны» Нурланова Нурай, Мейірғазина Дильназ ШТБ-21-09 топ студенттері ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды, жетекшісі Д. Б. Музапарова. Жеңімпаз студенттер мен ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!!!!!