М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі “Мектепке дейінгі тәрбие жәнн оқыту” ПӘК онкүндігі аясында 04.03.2021 жылы күні “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының 3,4 курс студенттері арасында “Zerde” интеллектуалдық турнирі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру, дарынды білім алушыларға қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушылар арасында ғылыми білімді тарату.

Турнирге 12 студент қатысуға өтініш білдіріп, ғылыми жобаларын өз деңгейлерінде қорғап шықты.

Турнирдің қорытындысы келесідей:

1-орын – Жұмағазина Меруерт, жетекшісі Елеусизқызы М.Е.

2-орын – Кеңес Тоғжан, жетекшісі Комаева М.С.

3-орын – Кенисханова Динара, жетекшісі Комаева М.С. және Жұматаева Айжан, жетекшісі Маметекова А.С.

Турнир жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми бағыттағы ізденістеріңізге толайым табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз! Барлық қатысушыларға, әділ қазылар алқасына және турнирді ұйымдастырған А.Қ. Тұрсыноваға алғысымызды білдіреміз!