Әдістемелік қызмет

21.02.2022ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Үздік әдістемелік құрал-2022» колледжішілік байқауы қорытындыланды.

Байқаудың негізгі мақсаты:

  • Колледждің оқу үрдісіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ендіру, әлеуметтік маңызды педагогикалық тәжірибені тарату;
  • Қазіргі білім беру жүйесінің жаңғырту талаптарына сәйкес әдістемелік және оқу құралдарының мазмұнын жаңартуға көмектесу;
  • Колледждің оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік белсенділігін ынталандыру.

Байқау екі кезеңнен өтті:

  1. 16.02.2022ж.таныстырылым кезеңі – оқытушылар өз жұмыстарын презентациялады.
  2. 16-19.02.2022ж. саралау кезеңі – эксперттік кеңес жұмыстардың талдамасын жасады.

Байқауға колледж оқытушыларынан 15 жұмыс қабылданды: оқу-әдістемелік құралдар, оқытушыға көмекші құралдар, дидактикалық материалдар, әдістемелік ұсынымдар.

Байқау қорытындысы бойынша, 1-орын  – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары педагог-шебер Мусина К.С., г.ғ.магистрі Сахариева З.Д.  «Қазіргі қазақ тілі және каллиграфия» ІІ бөлім (оқу-әдістемелік құрал);

2-орын –  шет тілі пәнінің оқытушылары Торыбаева Г.Н. Серіққан А. «Ағылшын тілінен практикалық грамматика» әдістемелік оқу құрал;

3-орын – математика және информатика пәндерінің оқытушылары: педагог-зерттеушілер Мавлитаева Г.А. Ахметова А.К. «Бастауыш сынып оқушыларына математикалық түсініктерді қалыптастыруда деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі» (әдістемелік көмекші құрал); педагог-зерттеуші Сентаева А.Б., Бласпаева Г.К. «Криптографиялық модельдер – ақпараттық кеңістіктің қорғаныс кілті»

Жыл сайын өткізілетін колледжішілік байқау педагогтердің кәсіби деңгейлерінің жоғарылануына, озат педагогикалық іс-тәжірибені анықтау мен таратылуына және шығармашылық беленділіктерін арттыруларына ықпал етеді.