«Үздік әдіскер-2021» байқауы өз мәресіне жетті
Бүгін М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дәстүрге айналған «Үздік әдіскер-2021» байқауының соңғы кезеңі болып өтті.
Байқау мақсаты:
• Колледж әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, әдіскерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Әдіскерлердің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау;
• әдіскерлердің кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру.
Биылғы байқау студенттердің қашықтан оқуына байланысты ерекше өткізілді. Әдіскерлер әрбір кезеңде АКТ-ны кеңінен пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсете алды. Байқауға оқу жылының басында 8 әдіскер іріктеліп қатысса, соңғы үшінші кезеңде 5 әдіскер жарысқа түсті. Байқауға қатысушы әдіскерлер ғылыми-әдістемелік шығармашылық жұмыстарымен айналысты. Жаңа технологиялар бойынша жоба қорғап, бейнесабақ әзірледі, әдістемелік пәні бойынша ашық сабақ берді. Әдіскерлер өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Дене тәрбиесі және жаратылыстану» ПӘК оқытушысы Мұхамбаев Бектас – ІІІ дәрежелі дипломмен, «Математика және информатика» ПӘК оқытушысы Мусаев Қуат – ІІІ дәрежелі дипломмен, «Музыка және көркем еңбек» ПӘК оқытушысы Айтқожин Мейрамбек – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ тілі және әдебиет» ПӘК оқытушысы Сербурина Нұргүл І дәрежелі дипломға ие болып, «Үздік әдіскер-2021» байқауының жеңімпазы атанды.Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!Болашақ жас мамандарды даярлау ісінде үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!