Әдістемелік қызметХабарландырулар

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының 80 жас мерейтойының аясында 01-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігі ұйымдастырылды.

Онкүндіктің өткізілу мақсаты: Білім алушыларды қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту, әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға  өмірдің  мәнін  түсініп,  өз  орнын  таба  білуге  тәрбиелеу. Іс-шара жоспарына сәйкес 2020-2021 оқу жылында қабылданған І курс студенттері үшін ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру жүйесіне кіріктіру және педагог моделі қандай болу керек?-деген сауалдардың мәнісін ашуда колледж директоры Ш.А.Жанаевамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында болашақ педагогтардың өз мамандығының ерекшелігіне байланысты сауалдар қойылып, педагогикалық этика мен колледждің ішкі тәртіп ережесі жайлы әңгіме жүргізілді.

Колледжішілік «Мейірім» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Мейірім шуағы-жақыныңа шаттық сыйла» тақырыбында акция өтті. Акция барысында штаттық негізде оқып жатқан студенттер жанға жылу сыйлайтын сөздермен, лебіздерімен бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында педагогикалық фестиваль аясында өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары А.К.Нурланова, А.Д.Керимбаева, А.Т. Сыдыканова «Махаббат сабағы» тақырыбында дайындалған сабақтарымен ютуб арнасында бөлісті. Сабаққа сілтеме: https://youtu.be/tsC146CrBSQ

«Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану курсын оқып жатқан студенттер арасында олимпиада жүргізілді. Олимпиада мақсаты студенттерді логикалық ойлауға дағдыландыру арқылы, кез-келген жағдаяттан дұрыс шешім таба алуға бағыттау. Олимпиада қорытындысы бойынша 309 топ студенттері Каримова Зарина, Найзагерова Жансая, Қалық Жаңыл Республикалық олтипиадаға жолдама алды.

Кітапхана меңгерушісі Н.Жоламанованың ұйымдастыруымен «Мейірім төгетін ана» тақырыбында өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасына арналған оқулықтар мен С.Алпысқызының еңбектерінен көрме өтті. Кітапханаға келген әр студент өмірлік азық болатын еңбектерді оқумен рухани білім алып қайтты.

С.Алпысқызының 80 жас мерейтойына арналған педагогикалық колледж студенттерінің арнау құттықтаулары ютуб арнасына жүктеліп көпшіліктің назарына ұсынылды. Сілтеме: https://youtu.be/ShIa-6LSNhA

https://youtu.be/D4BhnnQnVpQ

https://youtu.be/qTBlfszng7Y

https://youtu.be/vO5mm0-0NGg

https://youtu.be/zCu1W088vi8

https://youtu.be/zFadpDTzG6I

https://youtu.be/ZxCJlkOt-Xo

https://youtu.be/cO2jWdlVq4I

https://youtu.be/XJQJA2LsKLE

https://youtu.be/tZl2h4rC2eM

https://youtu.be/9rjvreL3IL0

Оқуға қабылданған студенттер арасында бейімделу жұмысын оңтайландыру мақсатында колледж психологы Ж.Бигазиева студенттермен кездесіп арнайы сауалнамалар алынып қорытындысы шығарылды. Қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау бағытында психологиялық кеңестер берілді.

Шет тілі бөлімінің 19 топ студенттерінің ата-аналарының қатысуымен өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Л.Б.Жунусова «Отбасы-құндылықтар бастауы» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды. Ата-аналармен кері байланыс орнатылып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.