Тәрбиелік жұмыс

Қыз – жайқалған гүл. Қалай баптасаң, сондай болып өседі. Қыздың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық болуы тиіс. Қазақ ықылым заманнан қыз баласын намысым, арым, ұятым деп қадірлеген. Қазақ қызды қонақ деп, төрінен орын беріп, қадірлеп өскен халық. Нәзік жандарды келешек ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі деп сыйлаған. Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. Қыз тәрбиесі қашан да маңызды екенін ескере отырып колледждегі студенттік парламент мүшелері күні кеше “Қыз бала-тектіліктің айнасы” атты қыздармен дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел ашық сұхбат арқылы еркін форматта өтті. Қонаққа колледжіміздің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, аяулы ана, ардақты әже Нұргүл Абылқасымқызы мен колледж психологы Жанат Маметжанқызы келіп қыздарымызбен ашық түрде әңгіме өрбітті. Көптеген ақпараттар айтылып,өздерін толғандырып жүрген

сауалдарына жауап ала алды. Аруларымыздан сауалнама алынып, жақсы көңіл күй үшін ән айтып бір сергіп қалды.Барлығы өте жақсы деңгейде өтті. Уақыт бөліп келген қонақтарымызға алғысымыз шексіз.