Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Қыз баланы кішкентайынан алақанына салып аялап өсіріп, нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты бойына сіңіре отырып тәрбиелеген.
Ерте жастағы жыныстық қатынастар, ерте жүктілік пен аборт мәселерінің алдын алу мақсатында колледждің І курс қыздары арасында “Ұят – үкім емес” жобасының авторы, “Жас белсенді” ұйымының жетекшісі М.Қ.Жақанмен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қыз балалар “ұят”, “ар” тақырыбында сөз қозғап, берілген ақпараттар аясында өз пікірлерін ортаға сала білді.