ТәжірибеХабарландырулар

16.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде мектеп оқушыларына волонтерлық көмек көрсету мақсатында  кездесу өткізілді. Кездесуге   Семей қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.М. Ахметова, білім бөлімінің бастауыш білім беру бойынша әдіскері Г. А.Молдаханова, педагогикалық колледжбен серіктестікте отырған қала мектептері директорларының  орынбасарлары Н.М.Жолбарысов, Е.Н.Панасенко, А.А. Курмашева, В.Е. Пешкова, А.К.Идришева, Г.С.Сейтқазина.,  колледж  директорының іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакова, «Бастауыш білім беру» мамандығында оқып жүрген 3-4 курс студенттері мен жетекшілері Л.Б.Жунусова, М.А.Асанова, С.Табилтай, Э.Н.Нурашева, Г.Ф.Каримова  қатысты.

Кездесуде колледж білім алушыларының,  мектепте білім алуда ерекше көңіл бөлуді қажет ететін, пантронаттық тәрбиедегі, жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларын мектеп өміріне бейімдеуге, оқу материалдарын меңгертуге, үй тапсырмаларын орындатуға көмек көрсетуге  волонтерлық бағыттағы жұмыстар ұйымдастыру жайлы айтылды.  Колледж  конақтары студент жастарға волонтерлық бағыттағы жұмыстың мақсат міндеттерімен таныстырып, студенттер мектеп оқушыларына көмек көрсетуге  даярлығын білдірді.